Пәкістанның оңтүстігінде пойыз апатынан 50 адам қаза тапты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Пәкістанның оңтүстігінде пойыз апатынан 50 адам қаза тапты

07.06.2021

Пәкістанның оңтүстігінде екі жолаушы пойызы соқтығысып, 50 адам қаза тапты. Тағы 70 шақтысы жараланған. Құрбандар саны көп болуы мүмкін, себебі құтқару жұмыстары әлі жалғасып жатыр. Жүрдек пойыздардың бірі теміржолдан тайып, рельстерге құлаған. Соның салдарынан үлкен жылдамдықпен қарсы бағытта келе жатқан екінші пойыз оны қағып кеткен. Зардап шеккендерді ауруханаға әскери тікұшақпен жеткізіп жатыр. Құзырлы органдардың мәлімдеуінше, апатқа теміржолдың ескіруі себеп болуы мүмкін. Қазір істің мән-жайы анықталып жатыр.

Жансая Қапасқызы

Хабарламаларға жазылу