Пәкістанның Качхи округінде пойыз рельстен шығып кетіп, 20 адам қаза тапты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Пәкістанның Качхи округінде пойыз рельстен шығып кетіп, 20 адам қаза тапты

18.11.2015
Пәкістанның Качхи округінде пойыз рельстен шығып кетіп, 20 адам қаза тапты
Пәкістанның Качхи округінде пойыз рельстен шығып кетіп, 20 адам қаза тапты. Тағы 150-і жарақат алған. 300-ге тарта адам мінген «Jaffar Express» атты жолаушылар пойызы Кветта қаласынан Равалпиндиге бет алған еді.

Апат салдарынан төрт вагон мен пойыз қозғалтқышы толықтай қирады. Құтқару операциясына екі тікұшақ тартылған.

Таяуда ғана «Jaffar Express»-тің тағы бір пойызында төтенше жағдай болған-ды. Онда қолдан жасалған бомба жарылып, 4 адам ажал құшып, 8 жолаушы зардап шеккен.

Мадина МҰҚАНОВА

Хабарламаларға жазылу