30 мамырда «Сүйемін сені, Астана» фестивалі өтеді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

30 мамырда «Сүйемін сені, Астана» фестивалі өтеді

27.05.2014
30 мамырда «Сүйемін сені, Астана» фестивалі өтеді
 
 
Балаларды қорғау күні және Елорда күні қарсаңында «Сүйемін сені, Астана» атты  дәстүрлі фестиваль өтеді. Шараға келушілер «Сүйемін сені, туған өлкем!» атты көрменің ашылу рәсімін тамашалайды.
 
Онда «Мен осы жерде өмір сүремін» атты халықаралық байқау қазақстандық және ресейлік қатысушыларының үздік 100 туындысы қойылмақ. Бұл туралы ҚР Тұңғыш Президентінің музейінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап,  astana.kz сайты хабарлады.
 
Ұйымдастырушылардың айтуынша, аталған шара Отанына адал еңбек етіп, игі істерді атқаруды көздейтін азаматты тәрбиелеуге бағытталады.
 
Фестиваль ҚР Тұңғыш Президентінің музейі,  ЮНЕСКО-ның Балалар көркемсурет мектеп-клубы мен Новосібір қаласының «Солярис» балалар-жасөспірімдер қоғамдық ұйымы және Ресей мәдениет қоры Новосібір филиалының қолдауымен ұйымдастырылып отыр.
 
Шара ҚР Тұңғыш Президентінің музейінде сағат 11.30-да басталады.

Хабарламаларға жазылу