Алматыда Жансая Әбдімәліктің шахмат академиясының филиалы ашылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алматыда Жансая Әбдімәліктің шахмат академиясының филиалы ашылды

18.03.2016
Алматыда Жансая Әбдімәліктің шахмат академиясының филиалы ашылды

Онда 300 жеткіншек тәлім алады. Алайда, бұл академия бекзада спортқа қызығатын жастар үшін аздық етеді. Осыған байланысты ата-аналардан академияның ауқымын кеңейтіп, бөлімшелерін ашуға ұсыныс түскен.

Сондықтан, балалар арасында бұқаралық спортты дамытуды көздейтін жаңа орталық 600 оқушыға арналған. Бөлімшенің ресми ашылу салтанатынан соң, шахматтан 2 дүркін Әлем чемпионы Анатолий Карпов пен әйелдер арасында халықаралық гроссмейстер Жансая Әбдімәлік  академияның оқушыларымен бір мезеттік ойын өткізді.  

Хабарламаларға жазылу