Ақтауда судьяға 300 мың теңге тастап кеткен әйел іздестіріліп жатыр
Ақтауда белгісіз әйел судьяға канцелярия арқылы пара берген.
Оқиға кеше күндіз болды. Маңғыстау облыстық сотына келген бейтаныс әйел, судья Габит Бастаубаевпен кездесуді сұраған. Мамандар жолығуға тыйым салынғанын айтқан соң, әйел пакетті канцелярияға қалдырып, судьяға беруді өтініп, кетіп қалған. Күмәнді затты ашуға жүрексінген мамандар жедел тергеу тобын шақыртты. Полиция белгісіз әйелді іздестіріп жатыр.
Гауһар Нұрханова, Маңғыстау облыстық сотының баспасөз хатшысы:
Аталған пакетті ашып, оның ішінде 300 мың теңгемен бірге ақ қорапқа оралған заттың барын анықтады. Оның ішінде жарылғыш заттың жоғын анықтағаннан кейін қорапты ашу кезінде одан иіссу алынды. Қазіргі уақытта тергеу жүргізілуде.
Аягөз Оралбайқызы
Автор
Аягөз Оралбайқызы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Алматыда халықаралық көрме ашылды
06.03.2026, 20:59
Бүгін Ақ Паралимпиаданың алауы тұтанады
06.03.2026, 20:57
Тағдыр сынына мойымаған, қайсар мінезімен көпке үлге болған спортшы
06.03.2026, 20:54
Боччадан республикалық турнир өз мәресіне жетті
06.03.2026, 20:51
Әлем әйелдермен әдемі
06.03.2026, 20:50
Мемлекет басшысы халықаралық Қызыл Крест комитетінің президентімен кездесті
06.03.2026, 20:21
Мемлекет басшысы мереке қарсаңында бір топ қыз-келіншекті марапаттады
06.03.2026, 20:17
Президент мерекелік концертті тамашалады
06.03.2026, 20:16