Жаңа туған сәбиін далаға тастап кеткен әйел ұсталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Жаңа туған сәбиін далаға тастап кеткен әйел ұсталды

08.06.2020

Жаңа туған сәбиін далаға тастап, қашып кеткен әйел ұсталды. Оқиға кеше Түркістан облысы Сайрам ауданындағы Ақсукент елді мекенінде болған. Сүлгіге оралған сәбидің көше бойында шырылдап жылап жатқанын жергілікті тұрғын көріп, полицияға хабарлаған. Оқиға орнынан дереу жеткен жедел- тергеу тобы нәрестені орталық ауруханаға жеткізді. Абырой болғанда балаға ешқандай зақым келмепті. Жарық дүниеге жаңа келген сәбиге жаны ашымай айдалада қалдырып кеткен ананы полицейлер көп ұзамай анықтап, қолға түсірді.

Гүлжазира ҒАЛИҚЫЗЫ


Хабарламаларға жазылу