Сауд Арабиясы бастаған коалицияның шабуылынан 12 бала қаза тапты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Сауд Арабиясы бастаған коалицияның шабуылынан 12 бала қаза тапты

13.03.2019

Сауд Арабиясы бастаған коалиция Йемендегі Кушар елді мекенін бомбалап, 12 баланы мерт қылды. Сонымен қатар, 10 әйел қаза тапқан. Тағы 30 шақты тұрғын жараланып, ауруханаға түсті. Олардың 14-і – жеткіншек. Дәрігерлердің айтуынша, балалардың кейбірі ес-түссіз жатыр.

Йеменде Иранға сүйенген шиит-хуситтер мен Сауд Арабиясы қолдаған сүнниттер төрт жылдан бері соғысып жатыр. Әскери жанжалдан ондаған мың адам қаза тапты, елді аштық жайлады, 2 миллионнан астам йемендік үйлерін тастап кеткен.

Арыстан РЫСБЕК

Хабарламаларға жазылу