Президент Дүниежүзілік сауда ұйымының бас директорымен кездесті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Президент Дүниежүзілік сауда ұйымының бас директорымен кездесті

31.05.2021

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Дүниежүзілік сауда ұйымының Бас директоры Нгози Оконджо-Ивеаламен кездесті. Бейнеконференция барысында Қазақстан мен аталған ұйым арасындағы ықпалдастықты нығайту жайы талқыланды. Қазақстанның төрағалығымен өтетін Дүниежүзілік сауда ұйымына мүше елдер министрлерінің 12-ші конференциясына дайындық мәселелеріне ерекше назар аударылды. Президент бұл ұйыммен арадағы тығыз ынтымақтастық еліміз үшін негізгі басымдықтардың бірі екенін атап өтті. Өз кезегінде, Нгози Оконджо-Ивеала Қазақстанның COVID-19 індетіне қарсы күрестегі күш-жігерін жоғары бағалады. Отандық QazVac вакцинасының әзірленуімен құттықтады.

Қасым-Жомарт Тоқаев, Қазақстан Республикасының Президенті: 
Біз үшін биылғы қарашаның соңы желтоқсанның басында өтетін Дүниежүзілік сауда ұйымына мүше елдер министрлерінің 12-ші конференциясына төрағалық ету үлкен мәртебе. Қазақстан Үкіметі ортақ іс-шарамыздың барлық мазмұндық және ұйымдастырушылық мәселелеріне қатысты пысықтау жұмыстары бойынша ұйым Хатшылығымен тығыз ықпалдастық орнатады.

Дарын Сағитов

Хабарламаларға жазылу