Президент БҰҰ Женевадағы бөлімшесінің Бас директорымен кездесті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Президент БҰҰ Женевадағы бөлімшесінің Бас директорымен кездесті

30.11.2021

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев БҰҰ-ның Женевадағы бөлімшесінің Бас директоры Татьяна Валоваямен кездесу барысында пандемиямен күрес жайын талқылады. Сондай-ақ, Қазақстанның ядролық қарусыздануға және жаппай қырып-жою қаруын таратпау режимін нығайтуға үлес қосатынын, осы бағыттағы жұмыстарды жалғастыра беретінін жеткізді.

Кездесуде Орталық Азиядағы ахуал, Ауғанстанға көмек көрсету жөніндегі БҰҰ Миссиясын Алматыда орналастыру мәселесі сөз болды. Орнықты даму мақсаттары бойынша БҰҰ-ның өңірлік орталығын өз аумағында құру жөніндегі Қазақстанның бастамасы талқыланды.


Хабарламаларға жазылу