Азия чемпионаты: Ерлерден үш боксшымыз жартылай финалға жолдама алды
Таиландта өтіп жатқан бокстан Азия чемпионатында 92 келіге дейінгі салмақта өнер көрсеткен Сағындық Тоғамбай жартылай финалға жолдама алды. Отандасымыз ширек финалда өзбекстандық Мадияр Саидрахимовтан басым түсті.
Сағындық Тоғамбай, бокстан Қазақстан құрамасының мүшесі:
Бұл жігіт бізге бейтаныс емес. Бұған дейінгі чемпионаттарда көріп жүрген болатынбыз. Қандай соққы ұратындарын білгендіктен, қарсы тактика құрдық. Жаттықтырушылардың дұрыс тактика қойғанның арқасында жеңіске жеттім деп ойлаймын.
Таиланд Корольдігінің Чиангмай қаласында өтіп жатқан Азия чемпионатында бүгін қазақстандық ерлер құрамы ширек финалды түйіндеді. Енді желтоқсанның 8-і күні Сағындық Тоғамбаймен қоса, Санжар Тәшкенбай және Махмұд Сабырхан жүлдеге қол созбақ. Ал Токио Олимпиадасының қола жүлдегері Сәкен Бибосынов ширек финалда өзбекстандық Асылбек Жалиловке есе жіберді. Сондай-ақ Мұхаммедсабыр Базарбайұлы да Тай елінде өтіп жатқан жарыс жолынан шығып қалды.
Қаракөз Тұрмағанбет
Автор
Қаракөз Тұрмағанбет
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Қызылордада «Отбасы банк» салымшыларының саны 100 мыңнан асты
08.12.2025, 20:56
Оңтүстік-Шығыс Азияның екі елі қайта қақтығысты
08.12.2025, 20:53
Әлем жаңалықтарына шолу
08.12.2025, 20:52
Н.Төреғалиев: Ең арзан сиыр еті – Батыс Қазақстанда
08.12.2025, 20:45
Аягөздегі алыс ауылдардың мәселесі шешілді
08.12.2025, 20:41
ЛГБТ насихатын шектеу ұлттық құндылықтарды қорғайды
08.12.2025, 20:31
«Қайрат» пен «Олимпиакос» матчын Ұлттық арна тікелей эфирде көрсетеді
08.12.2025, 20:25
Стоматологиядағы бала өлімі: Анестезиологтан жауап алынды
08.12.2025, 20:14