Текелі қаласында апатты үйдің шатыры құлады
Алматы облысының Текелі қаласында апатты деп танылған үйдің шатыры құлады. Екі қабатты, 12 пәтерлі үйдің бір пәтерінде жалғыз отбасы ғана тұрып жатқан. Абырой болғанда ешкім зардап шеккен жоқ. Алайда төбесі шіріп, іргесі іріп, құлағалы тұрған үйдегі жанұя ешқайда көшірілмеді. Отбасында жеті адам. Балалар далада ойнап жүрген. Төбе опрылып құлағанда кенже немересі бесікте ұйықтап жатқан. Үйге кіре алмай терезеден шығарып алдық дейді отағасы.
Жігерхан Адайханұлы, Текелі қаласының тұрғыны:
Әне барамыз үкіметке, міне барамыз. Әне-міне, ақша бөлінбей тұр. Ақша бөлінген кезде сіздерге үй береміз. Қазірше отыра тұрыңыздар дейді. Сондықтан отырмыз. Енді былай құлай беретін болса, осы үйдің астына қалатынға ұқсаймыз. Сонымен амалсыз отырмыз. Қайда барамыз?
Жергілікті билік бұл оқиғадан хабарсыз болып шықты. Жалпы кеншілер қаласында осындай апатты жағдайда тұрған әлі де 20-ға жуық көпқабатты тұрғын үй бар. Әкімдіктегілердің айтуынша, апатты үйлерге жыл сайын қаржы бөлініп келе жатыр, бірақ дәл осы үйге әлі кезек жете қоймаған.
Аян Рысбеков, Текелі қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы бөлімінің басшысы:
Осы үйге 2020 жылы бюджетке ұсыныс енгізілген. Алайда әлі ақша қаражат бөлінбеген. Қазір осы жарты жылдықта қайтадан ақшаға сұраныс жібереміз.
Қуаныш Қанатұлы
Автор
Қуаныш Қанатұлы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Бүгін сағат 20:30-да: Жарықты сөндір – табиғатты қолда
28.03.2026, 20:49
Қазақстандық футбол жанкүйерлері Түркияға барды
28.03.2026, 20:09
Digital Battle жеңімпаздары анықталды
28.03.2026, 20:09
Таразда 4 млрд теңгеге жуық қаржыға екі зауыт ашылды
28.03.2026, 20:05
Суға батып кеткен 8 жастағы бала іздестіріліп жатыр
28.03.2026, 20:05
16 жасқа дейінгі балалардың әлеуметтік желіні қолдануына тыйым салынды
28.03.2026, 20:05
Түркия халқы қартайып барады
28.03.2026, 20:05
Руслан Құрбанов Әлем кубогының жартылай финалына шықты
28.03.2026, 20:04