Шри-Ланка жағалауында супертанкер өртеніп жатыр - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Шри-Ланка жағалауында супертанкер өртеніп жатыр

04.09.2020

Шри-Ланка жағалауында супертанкер өртеніп, бір адам жоғалып кетті. Жергілікті теңізшілер хабарлағандай, кеше басталған өрт әлі сөндірілген жоқ. «Нью-Даймонд» кемесіне 2 миллион баррельге жуық мұнай тиелген екен. 

Экипаждың 23 мүшесінің бесеуі – грекиялықтар, 18-і – филиппиндіктер. Олар үндістандық мұнай компаниясына жалданып жұмыс істеген. Ізім-қайым кеткен адам – филиппиндік. 

Кувейттің Мина әл-Ахмади портынан шыққан танкер Үндістанның Парадип портына бара жатқанда отқа оранды. Қазір оқиғаның мән-жайы тексеріліп жатыр.

Арыстан Рысбек

Хабарламаларға жазылу