Жамбыл облысында 13 жастағы бала суға батып кетті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Жамбыл облысында 13 жастағы бала суға батып кетті

26.05.2021

Жамбыл облысында Қаратау қаласында 13 жастағы бала суға батып кетті. Жеткіншек қатарластарымен Жартас көліне суға түскен. Шомылып жүрген төрт баланың бірі лезде ғайып болған соң, төңіректегілер көмекке жүгірген. Тұрғындардың бірі баланы судан шығарып алғашқы жәрдем көрсеткенімен, аман алып қала алмады. Өңірде суға түсуге рұқсат етілген 16 орын белгіленген. Құтқарушылар тұрғындарды сақ болуға шақырады.

Руслан Шариев,  облыстық ТЖД басқарма басшысы: 
№ 1 лицей мектебінің 6-шы сынып оқушысы 2008 жылғы тумасы. Шомылу барысында шомылуға рұқсат етілмеген жерде батып кеткен. Статистикаға сәйкес 2020 жылы облыста 18 адам қайтыс болған. Оның ішінде 9-ы бала.

Батыс Қазақстанда соңғы қоңырау күні мектеп түлегі суға батып кетті. Қайғылы оқиға кешкісін Қаратөбе ауданы Үшана ауылы маңында болған. 17 жастағы ер бала Қалдығайты өзеніне суға түсуге достарымен бірге барған. Қарақамыс ауылынан атасының үйіне қыдырып келген беті екен. Марқұмның денесін ауыл тұрғындары судан алып шықты. Қазір оқиғаға орай тергеу амалдары басталды.

Сәбит Әлдебай


Хабарламаларға жазылу