Ұлыбританияда тұратын қандастар қазақ тілін онлайн үреніп жүр - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ұлыбританияда тұратын қандастар қазақ тілін онлайн үреніп жүр

26.05.2021

Ұлыбританияда тұрып жатқан қандастарымыз қазақ тілін онлайн үреніп жүр. Қым-қуыт заманда тағдырдың тәлкегіне ұшырап, елден жыраққа кеткен қаракөздер ұлттық болмысын сақтап қалу үшін тек тілді ғана емес салт-дәстүрлерімізді де меңгеруде. Курсты ұйымдасытырып келе жатқан “Отандастар” қоры әлемнің түкпір-түкпірінен 60-қа жуық қандасымызды ана тілімізге баулып келеді. 

Әбдісәлім Саваш, Ұлыбритания қазақтары қауымдастығының төрағасы:
Біздің қазақшамыз әке-шешемізден құлағымызға салынып қалған қазақша. Шала. Қазақ сөздерін үйреніп дамып келе жатыр, құдайға шүкір, қазір қазақшамыз. 

Ләззат Бейсенбаева, мұғалім:
Қазіргі кезде енді Англиядан, Түркиядан, Моңғолиядан, Өзбекстаннан, Әзірбайжаннан, көбінесе Түркиядан тіл үйреніп жүрген тіл үйренушілеріміз бар. 

Марина Бекенова

Хабарламаларға жазылу