Алматы облысында көпқабатты үйдің шатырынан жасөспірім құлап мерт болды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алматы облысында көпқабатты үйдің шатырынан жасөспірім құлап мерт болды

25.05.2021

Алматы облысында көпқабатты үйдің төбесінен жасөспірім құлап кетті. Қайғылы оқиға кеше кешкілік сағат 17.00 шамасында болған.

Куәгерлердің айтуынша, 3 бала «Нұрия» тұрғын үй кешенінің төбесіне шығып ойнап жүрген. 11 жастағы бала екі үйдің арасындағы қуысқа түсіп мерт болды. Тұрғындардың сөзінше, шатырға шығатын есікті жабу туралы мердігер компанияға және Талғар ауданының әкімдігіне бірнеше мәрте хат жолданған. Алайда еш нәтиже шығармады деп отыр.

Марияхан Айтқұлова, тұрғын үй кешенінің тұрғыны:
Бір айдай болды люкты жап деп айтып жатқанымызға. Қызым әкімдікке де хат жазды. Қанша айттық, ұқпады.  Балалар жиі шығып ойнайды.

Қуан Нұрақын





Хабарламаларға жазылу