Атырауда екі жұмысшы шатырдан құлап қаза тапты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Атырауда екі жұмысшы шатырдан құлап қаза тапты

22.02.2022

Атырауда бес қабатты тұрғын үйдің шатырын жөндеу кезінде, екі жұмысшы төбеден құлап қаза тапты. Қайғылы оқиға қаладағы шағын ауданда болды. Куәгерлердің айтуынша, жаңғырту бағдарламасы аясында баспанаға жөндеу жүргізілген. Көз жұмған жұмысшылар қауіпсіздік ережелерін сақтамаған, яғни, қауіпсіздік белбеуін тақпаған. Салдарынан екеуі 5 қабатты үйдің шатырынан тайып, құлап кеткен. Олардың бірі — 25 жаста, ал,екіншісі — 36-да. Қазір полиция тергеуді бастады.


Хабарламаларға жазылу