Ұлттық банк биыл қолдан жасалған 236 дана ақшаны анықтады. Айналымда болған жалған ақшалардың жалпы құны 760 мың теңгеден асады. Ал, алаяқтар жасаған банкноттарды түп нұсқадан қалай ажыратуға болады? Мамандар кеңесін тілшіміз айтады.
Алаяқтар ақша жасаудың технологиясын меңгеріп алмас үшін теңгеміздің дизайны айналымға енггелі 4 рет өзгертілді. Бүгінде біздің ақша әлемдегі жасалуы ең күрделі банкноттардың бірі. Бірақ, заманауи құралдарды игергендер жалған ақша жасаудың жолын сонда да тауып келеді.
Асхат Әбішев, ҚҰБ банкноттар мен монеталар сараптама басқармасының басшысы:
Ең көп жалған ақша табылған Алматы қаласында 169 дана. Көбінесе табылатын 2000 теңге және 5000 теңгелік банкноттар.
Жалған ақшалардың негізгі бөлігі жеңіл технологиямен жасалады. Түпнұсқадағы басты белгілерді тек көшірумен ғана шектеледі. Сондықтан, оларды арнайы құралсыз-ақ, қолмен ұстап, мұқият қарап анықтауға болады,-дейді мамандар.
Асхат Әбішев, ҚҰБ банкноттар мен монеталар сараптама басқармасының басшысы:
Әр банкнота өзінің шытыры бар. Шытырлайды банкноттар. Екіншіден, мына бетіне шығып тұрған бояулар ломиналы банкноттың, рельефі бар. Саусақтың ұшымен оны сезінуге болады. Жарыққа тосып қарағанда су тамғы белгілері бар.
Сонымен қатар, банкноттарда түсі жасылдан алтынға дейін өзгеретін арнайы бояу жағылған бейнелер бар. Бұл ерекшеліктер ақшаны дер кезінде тексеруге мүмкіндік береді. Дегенмен, банкнот айналымда көп жүрсе, осы белгілерді байқау қиындайды. Сондықтан, уақыт өткен сайын ескі ақша айналымнан шығарылып, жаңасы енгізіліп отырады.
Амангелді Сейітхан