Әлемге танылған қазақстандық IT өнімдер - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Әлемге танылған қазақстандық IT өнімдер

21.05.2021

Қазіргі таңда отандық нарықпен ғана шектеліп жұмыс істейтін қазақстандық IT компаниялар баршылық. Олардың жасаған бағдарламалары немесе сервистік қызметтері халықаралық деңгейде танылуға лайықты болса да, бәсекелестікке төтеп бере алмайтыны жасырын емес. Алайда, халықаралық деңгейде өз орнын ойып тұрып орын алған IT мамандарымыз бар. Қазір олардың инновациялық жобалары мен өнімдері Amazon секілді белді сауда платформаларына саудаға ұсынылып жүр. Тақырыпты Ламбриан Топузидис зерттеп көрді.

Алена мен Қайрат ойлап тапқан роутер бүгінде барлық елдерге қолжетімді. Ешбір SIM-карта мен роумингті қажет етпейді. Барған жеріңізде кез келген орынның Wi-Fi  нүктесіне жылдам әрі арзан қосылуды қамтамасыз етеді. Құрылғы қазір Amazon платформасында саудаланып жүр. Ал, отандық «ЦАРКА» IT компаниясы кибер-қауіпсіздік бағытындағы стартаппен әлем нарығына қадам басты.

Көптеген старт-аптар әуелі өз жобаларын іске асыру үшін Indiegogo  платформасына шығып қаржы жинайды. Мұндай платформалар технологияларға бейжай қарамайтындардан қаржылай көмек алуға мүмкіндік береді. Содан кейін ғана үлкен нарыққа шығады.

Дархан Ахмед-Заки, Астана IT университетінің ректоры:
Бұл жерде мынандай нәрсе бар ғой – тұтынушының кері өзінің байланысы. Егер кері байланысы жақсы болып, сұранысы сол бір-біріне дұрыс жаңағы пікір тарап жататын болса, feedback дейсіздер ғой, сонда ол нәтижесінде көп сатылым болады. Ал егер бара қалып біз алдыңғы қатарлы жаңағы көрсетіп жатқан қызметіміз сапасыздау болатын болса, онда ертең келесі кіретін компанияларға қиындау. 

Халықаралық нарыққа шығу үшін тұтынушының өнімге деген сеніміне ену маңызды. Қазіргідей ақпараттық технология дамыған заманда әлемде біреуді таңғалдыру оңай емес. Сондықтан жаңа нәрсе ойлап шығару емес, оны оңай етіп жасаудың жолдарын таба білетін IT мамандар сұранысқа ие.

Раиса Өскенбаева, Халықаралық ақпараттық технологиялар университетінің ректоры: 
Осы ақпараттық технологиялар саласында мамандарды дайындауды тездетілген форматта жасайды. Оның нәтижесі осы университетті көп бізде бітірген мамандар шетелде жұмыс таба алады, шетелге жұмысқа шақырады.

Отандық IT мамандарының әлеуеті мықты болса да, өзара бәсекелесетін орта жоқ. Ал ол ортаны қалыптастырудың алғашқы қадамы ретінде жуырда еліміздің бес университеті ғылыми потенциалдарын біріктіру мақсатында альянс құрды. 

Ламбриан Топузидис 

Хабарламаларға жазылу