Павлодардың Рүстембек Омаров атындағы ұлттық аспаптар оркестрі Генадий Головкинге қолдау ретінде ерекше шығарманы ойнады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Павлодардың Рүстембек Омаров атындағы ұлттық аспаптар оркестрі Генадий Головкинге қолдау ретінде ерекше шығарманы ойнады

07.06.2019

Оны әлеуметтік желілерде таратты. Тартысты әрі жанкешті жекпе-жекте Генаның жеңетініне сенімдіміз-дейді музыкалық ұжым.

Айта кету керек, әлемге GGG есімімен танылған жерлесіміз рингтегі келесі кездесуін алдағы жексенбі,яғни, 9-маусым күні канадалық былғары қолғап шебері Стив Роллспен өткізеді. Жекпе-жек Мэгисон Скуэйа Гардэн аренасында болады. Қазірдің өзінде Қазақстандық боксшысы қолдаушылар тек қана елімізде емес, басқа да мемлекет тұрғындары арасында кең қолдауға ие.

Талғат Кәрімов, ҚР Еңбек сіңірген қайраткері:

Музыка дегеніміз үлкен құдырет, музыка күш береді, адамға рух береді. Әрине Гена жеңеді. Біздің қазақ халқы соған сеніп отыр. Сондықтан Головкинге әрқашан жеңіс тілейміз!

Болат АМАНБАЕВ

Хабарламаларға жазылу