Зиялы қауым өкілдері: Астана – әлемге танылған атау - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Зиялы қауым өкілдері: Астана – әлемге танылған атау

17.09.2022

Елордаға бұрынғы Астана атауын қайтару – Әділетті Қазақстанның шынайы көрінісі. Бұл шешім «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасының іске асып жатқанын және билік халықтың пікірімен санасатынын көрсетіп отыр. Жұртшылықтың пікіріне құлақ асу және оны ескеру – мемлекеттік жүйені толық қайта жаңарту мен жаңғырту жолындағы маңызды қадам, дейді зиялы қауым өкілдері.

Дәулеткерей Кәпұлы, ақын:

Әлемдік ірі-ірі жиындар Астана есімімен байланысты. Әлемдік додаларда Астананың атынан барған біздің әр саладағы шеберлеріміз, қайраткеріміз елдің байрағын көтерді. Сонымен байланыстырған уәждер басым болды.

Марат Әбсеметов, қалалық ономастика комиссиясының мүшесі:

Астана атын Тұңғыш Президент өзі ұсынған. Ол кезде халық қолдап, әлемге де кетті. Астана туралы қанша әндер де шығып кетті, мәселен. Астана деген атты халық жақсы көріп кетті.


Хабарламаларға жазылу