Тегін қызмет көрсететін жекеменшік медициналық мекемелердің саны артып келеді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Тегін қызмет көрсететін жекеменшік медициналық мекемелердің саны артып келеді

20.05.2021

Жыл өткен сайын, халыққа қызмет көрсететін жеке меншік медициналық мекемелердің саны артып келеді. Бұл азаматтың клиниканы өз таңдауына мүмкіндік бермек. Мәселен елордадағы міндетті медициналық сақтандыру қоры 108 мекемемен шарт жасаса, оның 78-і жекеменшік. Бүгін баспасөз алаында есеп берген қор мамандары былтырғы жылды қортындылап биылғы жоспарымен бөлісті. Олардың сөзінше, биыл тегін медициналық көмек көрсетуге 17 млрд теңге қарастырылған. Былтыр халықтың басым бөлігі алғашқы көмек, стационарлық емшара және онкогематаологиялық қызметтерді тегін алған. Сондай-ақ 100 мыңнан астам пациент тегін дәр-дәрмекпен қамтылды. Қазір қала бойынша 1 млнға жуық адам сақтандырылған. Пандемияға байланысты шағын және орта бизнес субьектілерінің біразы жарна төлеуден босатылған. 160 мыңдай адам қорға мүлдем қаражат аудармағандықтан тегін көмектен шет қалып отыр.

Раушан Сайлауқызы

Хабарламаларға жазылу