СҚО-да студент жалдамалы пәтерде есірткі әзірлеген - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

СҚО-да студент жалдамалы пәтерде есірткі әзірлеген

20.05.2021

Солтүстік Қазақстанда жалдамалы пәтерде синтетикалық есірткі дайындап келген колледж студенті ұсталды. 

19 жастағы жігіттің үйінен 2 мың доза есірткі және оны дайындауға қажетті заттар табылған. Бұл аса ірі көлемге жатады. Сараптама нәтижесі тәркіленген заттың нашақорлар арасында «тұз» атауымен танымал «альфа-PvP» есірткісі екенін көрсеткен. Бұл адамға қатты әсер ететін синтетикалық психобелсенді зат. Күдікті оны өзі қолдану үшін жасағанын айтып отыр. Студент есірткітіге тәуелді ретінде есепте тұрған жоқ. Оның заңсыз саудаға қатысы бар-жоғы тергеу кезінде анықталмақ. Қылмыстық іс қозғалды.

Руслан Назаров, СҚО ПД бастығының орынбасары:
Тінту шараларын жүргізу барысынд 54 полимерлік түйіншек табылды, сондай-ақ бұйып-түю материалдары, зиплоктар, өлшеу таразылары және қылмыстық іс үшін маңызы бар заттар, дәлелдемелер алынды.

Эльмира Кәленова



Хабарламаларға жазылу