Петропавлда есірткі саудалағандар ұсталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Петропавлда есірткі саудалағандар ұсталды

30.12.2021

Петропавлда арнайы операция барысында синтетикалық есірткі сатқандар ұсталды.

Күдіктілер жалдамалы пәтерде тұрып келген. Үшеуі де Солтүстік Қазақстанға басқа қалалардан психотроптық заттар әзірлеп сатуға келгендерін мойындады. Тінту кезінде заттай айғақтар мен 800 грамм «мефедрон» табылды. Есірткі саудагерлері қамауға алынып, сотқа дейінгі тергеу басталды. Олардың басқа қылмыстарға қатысы бар-жоғы тексерілуде.


Хабарламаларға жазылу