Талдықорғанда тұрғын үйде газ баллоны жарылып, бір адам қайтыс болды

08.01.2021

Талдықорғанда көпқабатты үйлердің бірінде газ-ауа қоспасы тұтанып, жарылыс болды. Салдарынан бір адам қаза тапты. Ғимараттың бірнеше қабатында есіктер мен терезелер сынып, от тұтанған. Өрт сөндірушілер тілсіз жауды ауыздықтап, 30 адамды эвакуациялаған. Оның ішінде екі адамды шығару үшін арнайы саты қолданған. Қазір тұрғындар уақытша баспанамен қамтылды. Қаладағы көпқабатты үйлер орталықтандырылған табиғи газ жүйесіне қосылған. Төртінші қабатта газ баллонының қайдан пайда болғанын құзырлы органдар анықтауға кірісті. 

Азамат Ержанұлы, облыстық ТЖД Өрт сөндіру және авариялық құтқару қызметі бастығының міндетін атқарушы:
Өрттің басқа пәтерлерге және шатырға жайылып кетуіне жол берілмеді. Өрт сөндіру барасында төртінші қабаттағы бір бөлмелі пәтерден ер адамның мүрдесі табылды. Апат салдарын жоюға 10 техника мен жеке құрамның 35 қызметкері тартылды. 

Қуаныш Қанатұлы

Хабарламаларға жазылу