СҚО мен Ақмола облысындағы су айдындары тазартылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

СҚО мен Ақмола облысындағы су айдындары тазартылды

19.05.2021

Ақмола және Солтүстік Қазақстан облыстарында «Таза су айдындары» экологиялық акциясы жүріп жатыр. «Таза табиғат» жобасы аясында ірі өзендердің, су қоймаларының жағалары қоқыстан тазартылып, өзен-көлдердегі заңсыз қойылған аулар алынып тасталды. 

Ақмола облысындағы Есіл, Сарыбұлақ өзендері, Шағалалы, Астана, Қоянды, Сілеті су қоймалары мен Қопа көлі де тазартылды. Экологиялық акция нәтижесінде 18 тоннадан астам қоқыс жиналды. Балықшылар түрлі құрылғылары мен аулар шығарылып, жойды. Су айдындары әлі де тазаланады. 

Мұрат Шалабай, Есіл облысаралық бассейндік балық шаруашылығы инспекциясының бөлім басшысы:
Балық аулаушыларға, жай демалушыларға осы қоқыстарды уақытымен жинап, демалғаннан кейін өз орындарын таза ұстаса, сонда дұрыс болады деп ойлаймыз. Осы қоқыстар кімнен келеді?! Барлығы осы біздің еліміздің азаматтарынан келеді ғой. Сырттан ешқайдан келіп жатқан жоқ. Соны, міне, сұраймыз, осындай демалған жерлерін жинап кетіп, таза ұстауға. 

Ермек Елберген

Хабарламаларға жазылу