Соңғы қоңырау мен аттестат тапсыру шарасының талаптары бекітілді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Соңғы қоңырау мен аттестат тапсыру шарасының талаптары бекітілді

19.05.2021

Аттестат тапсыру мен соңғы қоңырау өткізудің талаптары бекітілді. 

9, 11, 12-ші сынып түлектерінің мектеппен қоштасуы мен қорытынды емтиханы тек ашық алаңда өтеді. Одан басқа шараға рұқсат жоқ. Бұл кезде қатысушылар саны да шектеледі. Яғни, әр түлектің туыстарынан бір адам ғана келе алады. Мұғалімдер құрамы да алтаудан аспауы керек. Індет жұқтырып немесе сонымен жақын болғандар аттап баспауы тиіс. Сондай-ақ салтанатта бітірушілердің бәріне топтасуына жол берілмейді. Кезек күтіледі. Шараны өткізуге бір сыныпқа 45 минут бөлініп отыр. Аттесттат тапсырарда қол алысуға болмайды. Маска тағып, арақашықтық сақталуы міндетті. Бұдан соң көшеде, қоғамдық тамақтану орындарында басқосу ұйымдастыруға тыйым салынды. 

Нысаналы Ығыл

Хабарламаларға жазылу