Соңғы қоңырау онлайн режимде өтеді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Соңғы қоңырау онлайн режимде өтеді

19.05.2020

25 мамырда барлық мектепте соңғы қоңырау шарасы онлайн түрде өтеді. Оны әр сынып жетекшісі өзі ұйымдастырады. Оқу жылын қорытындылауда түрлі әдісті қолдануға мүмкіндік бар. Əр сынып жетекшісі шараны ешқандай есепсіз, сұраусыз жеке тәртіппен өткізеді. 

Ал мектеп бітірушілер үшін аттестат тапсыру мен соңғы қоңырау салтанаты 3-4 маусымға жоспарланған. Мектеп ауласында өтетін кешке түлектер мен ата-анасы ғана қатыса алады. Барлық санитарлық талап сақталуы тиіс. Қаражат жинауға, мектепке, мұғалімдерге сыйлық жасауға қатаң тыйым салынады.

Ақерке Берікбекқызы

Хабарламаларға жазылу