СҚО-да шаңды дауыл соғып, бірнеше ғимараттың шатыры ұшқан - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

СҚО-да шаңды дауыл соғып, бірнеше ғимараттың шатыры ұшқан

18.05.2021

Солтүстік Қазақстан облысының Тайынша, Ақжар және Шоқан Уәлиханов аудандарында шаңды дауыл соғып, бірнеше мектеп пен үйлердің шатыры ұшқан.

Әлеуметтік желілерде тараған әуесқой түсірілімде шаңның кесірінен айналаны қараңғы басқаны көрініп тұр. Желдің жылдамдығы секундына 33 метрге дейін жеткен. Зардап шеккендер жоқ. Шығын көлемі есептеліп жатыр.

Сондай-ақ Шымкент қаласында 3 күн қатарынан тұрған екіпінді желден электр желілері айқасып, 4 шағын ауданның жарығы сөніп қалды. Сондай-ақ бағдаршамдардың істен шығуынан, қала көшелерінде көлік кептелісі болды. Жалпы үш күннің ішінде «Ай-көмек» қызметіне тұрғындардан 2 жарым мыңнан астам қоңарау шалынған. Олар құлағалы тұрған ағаштар, көше бойларындағы жарнамалық билбордтардың бүлінуі, баспаналардың қас бетіне зақым келуі мүмкін жағдайлар туралы ескертпелер қалдырыпты.


Хабарламаларға жазылу