Қарағанды облысында «Спутник-V» вакцинасының екінші компоненті бірнеше күн көлемінде салынбайды
Қарағанды облысында «Спутник-V» вакцинасының екінші компоненті бірнеше күн көлемінде салынбайды. Себебі екпе препаратын қолдану үшін рұқсат құжаттары толық рәсімделіп бітпеген. Ал Араб және Қытай елінде шығарылған вакциналар жеткілікті.Жалпы өңірде 115 вакциналау кабинеттері және жылжымалы бекеттер жұмыс істеп тұр. Осы уақытқа дейін аймақта144 мыңнан астам адам екпенің бірінші, ал 70 мың тұрғын екі компонентін алып үлгерген.
Светлана Полуэктова, қала тұрғыны:
Бізге қазір екінші компонент жоқ деді. Бастапқыда біріншісін алғанда міндетті түрде үш аптадан соң келу керектігімді ескерткен еді. Енді 45 күнге дейін жүруге болады дейді. Екі ұдай ойда жүрміз.
Татьяна Баширова, Қалалық алғашқы санитарлық көмек орталығының директоры:
«Спутник-V» вакцинасының екінші компонентін пайдалану үшін рұқсат құжаттарын күтіп отырмыз. Біріншісін алған азаматтар міндетті түрде қамтылады. Алдағы екі-үш күнде мәселе толығымен шешіледі деп ойлаймыз. Тұрғындарға алаңдауға еш негіз жоқ. Себебі екпенің екінші бөлігін 45 күнге дейін алып үлгерсе болды. Азаматтар ауырып қалуы, сапарға шығып кетуі мүмкін ғой. Сондықтан 21-ден 45 күнге дейінгі уақыт әдейі қарастырылған.
Руслан Нұрланұлы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Домбырадан эстрадаға дейін: Айзат Қарабекова ұлттық өнерді сахнада таныстырады
23.09.2026, 12:26
Қазақстанда AI MONTH 2026 басталады
23.09.2026, 10:24
Азия ойындарының жеңімпаздары елге оралды
23.09.2026, 10:08
Трамп Иранмен бейбіт келісім жасалуы мүмкін екенін мәлімдеді
23.09.2026, 10:08
Азиада: Спортшылар 4 медаль жеңіп алды
23.09.2026, 10:06
Қазақстан делегациясы БҰҰ 81-сессиясына қатысып жатыр
23.09.2026, 10:05
Құрылтай отырысы басталды
23.09.2026, 10:05
Түркияда жасөспірім оқушыларға оқ атып, 11 адам жараланды
23.09.2026, 10:04