1 қыркүйекте Қазақстанда халық санағы басталады
2021 жылдың 1 қыркүйегі мен 30 қазаны аралығында Қазақстанда жалпыұлттық халық санағы өтеді. Санақ «Қазақстанда әркім маңызды!» ұранымен ұйымдастырылады.
Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, санақты өткізу процесі автоматтандырылып, оған заманауи сандық технологияларды енгізіледі.
Санақ екі тәсілмен жүргізіледі:
- 1 қыркүйектен бастап sanaq.gov.kz арнайы сайты жұмысын бастайды. Мұнда қазақстандықтар 15 қазанға дейін онлайн-режимде санаққа қатысты барлық сұрақтарға жауап бере алады;
- Дәстүрлі жалпы аралау 1-30 қазан аралығында, белгіленген мерзім ішінде санақтан онлайн-режимде өтпеген респонденттер арасында жүргізіледі.
«Дәстүрлі кезеңнің жаңашылдығы - интервьюерлердің үй аралау кезінде электронды планшеттерді пайдалануы болмақ. Бұл санақ жүргізетін қызметкерлердің еңбек шығынын төмендетуге, мәліметтер сапасына адам факторының ықпалын азайтуға, ЖСН-ді енгізе отырып, санақ мәліметтерінің нақтылық деңгейін арттыруға, қағаз бен кеңселік құралдарды айтарлықтай үнемдеуге, сондай-ақ интервьюерлер үшін қолайлылық пен олардың жинақылығын арттыруға мүмкіндік береді», - деп хабарлайды бюроның баспасөз қызметі.
Ұлттық санақ жүргізу жөніндегі жұмыстарға 32 мыңнан астам адам тартылады.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Азиада: Жеңіл атлеттеріміз финалда
29.09.2026, 17:35
Г.Асфендиярова және қазақ әйелдерінің қоғамдағы рөлі
29.09.2026, 17:33
Жамбыл облысында 100 жыл химия өнеркәсібіне еңбегі сіңген әулет тұрады
29.09.2026, 17:32
«Қазатомөнеркәсіп» үздік мамандарды марапаттады
29.09.2026, 17:30
Атырау облысының Жамансор ауылында жаңа мектеп ашылды
29.09.2026, 17:27
Астанада 143 вандал жауапкершілікке тартылды
29.09.2026, 17:25
Ресейде мутацияға ұшыраған вирус көбейді
29.09.2026, 17:22
Нетаньяху БАӘ-ге тығылып барған
29.09.2026, 17:20