БАҚ өкілдері арасында Нұртілеу Иманғалиұлын еске алуға арналған волейбол турнирі басталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

БАҚ өкілдері арасында Нұртілеу Иманғалиұлын еске алуға арналған волейбол турнирі басталды

16.05.2021
БАҚ өкілдері арасында Нұртілеу Иманғалиұлын еске алуға арналған волейбол турнирі басталды

Елордада волейболдан БАҚ өкілдері арасында BAQ liga-ның бірінші маусымы басталды. Қазақ телевизиясының майталманы Нұртілеу Иманғалиұлын еске алуға арналған биылғы біріншілікке 8 команда қатысуда. 

Шара «Қазақстан» телерадиокорпорациясы және ҚР Туризм және спорт индустриясын қолдау қоры, Л.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті мен Қазақстан волейбол федерациясының қолдауымен ұйымдастырылуда.

«Өздеріңіз білетіндей, волейбол – аристократтық, командалық рух қалыптастыратын ойын. Оны Нұртілеу Иманғалиұлын еске алу турнирі деп атадық және алдағы уақытта тұрақты өткізуді жоспарлап отырмыз. Ең басты мақсат – БАҚ өкілдері арасындағы әріптестікті нығайту. Сондықтан аптаның бір күнін бір-бірімізбен жақын танысуға арнауды ұйғардық», - деді «Қазақстан» РТРК» АҚ Басқарма төрайымының орынбасары Ержанар Әшейхан «Еуразия» спорт кешенінде маусымның ашылу салтанатында.
Біріншілік Журналистер күніне дейін жалғасады және онда 8 команда – Ұлттық арна, «2-бап. Цензура», «7 арна», «Atameken business channel», «Qazaq radiolary», «ҚазАқпарат агенттігі», «Қазмедиа орталығы» және «Хабар агенттігі» ұжымдары сайысқа түседі.










БАҚ Нұртілеу Иманғалиұлы волейбол турнир

Хабарламаларға жазылу