Қарағандыда Нұрлан Рахымберлинді еске алуға арналған футболдан турнир басталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қарағандыда Нұрлан Рахымберлинді еске алуға арналған футболдан турнир басталды

03.07.2015

Бүгін Қарағандыда полиция генерал-майоры Нұрлан Армияұлы Рахымберлинді еске алуға арналған шағын футболдан екі күндік турнир басталды.

Турнирдің ашылу салтанатына Нұрлан Армияұлының отбасы, туған-туыстары қатысты. Құқық қорғау органдарымен облыстың барлық күш құрылымдары арасында өткізіліп жатқан шараға 11 команда келіп өзара бақ сынасуда.

Айта кету керек, Нұрлан Армияұлы өмірінің соңына дейін еліне адал қызмет еткен жан. Ол 2009-2013 жылдар аралығында Қарағанды облыстық Ішкі істер департаментінің бастығы қызметін атқарған.

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Құрметті қызметкері, заң ғылымдарының кандидаты.

Хабарламаларға жазылу