Дүниежүзілік банкпен бірлесіп 12 жоба жүзеге асып жатыр
Мемлекет басшысы Дүниежүзілік банктің Еуропа және Орталық Азия бойынша вице-президенті Анна Бьердемен онлайн сөйлесті. Қасым-Жомарт Тоқаев Дүниежүзілік банктің еліміздегі бірқатар экологиялық жобаларға үлес қосқанын айтты. Атап айтқанда қаржы ұйымы «Сырдария өзенінің арнасын реттеу және Солтүстік Арал теңізін сақтап қалу» жобасының екінші кезеңіне 1,5 миллион доллар бөлді. Анна Бьерде ел Президентіне ризашылық білдіріп, Қазақстанда іске асып жатқан реформаларды қолдайтынын айтты.
Қасым-Жомарт Тоқаев, Қазақстан Республикасының Президенті:
Біз Дүниежүзілік банкпен арадағы көпжылдық серіктестікті жоғары бағалаймыз. Осы уақыт аралығында банк елімізге 6 миллиард доллардан астам инвестиция құйды. Қазіргі таңда сіздермен бірлесіп, әртүрлі 12 жобаны, атап айтқанда, көлік, білім беру, экология және қаржы салаларындағы бастамаларды жүзеге асырып жатырмыз.
Нысаналы Ығыл
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Футболдан Әлем чемпионаты: Топтық кезең аяқталды
29.06.2026, 20:19
Бибісара Асаубаева II дәрежелі «Барыс» орденімен марапатталды
29.06.2026, 20:16
Aqtobe Cinema кинотеатры ашылды
29.06.2026, 20:12
Президент атынан жаңа Конституцияның арнайы басылымы табысталды
29.06.2026, 20:09
Пәкістаннның шабуылынан 38 адам қаза тапты
29.06.2026, 20:07
Сенат 30 жылда 3,5 мыңнан астам заң қабылдаған
29.06.2026, 20:05
Қазақстан мен Грузия стратегиялық серіктес атанды
29.06.2026, 20:04
Баспана кезегінде кімдерге басымдық беріледі?
29.06.2026, 20:03