Қарағанды облысында түрмеге есірткі өткізбек болғандар ұсталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қарағанды облысында түрмеге есірткі өткізбек болғандар ұсталды

14.05.2021

Қарағанды облысында колонияға есірткі және басқа да тыйым салынған заттарды өткізбек болғандар ұсталды. 49 жастағы ер адам бұл заттарды қоқыс таситын көлікке жасырған. «Камаз» көлігін тексеру кезінде қоқыс контейнерінің астынан ұялы телефон, ақ түсті дәрілер, ұнтақ салынған қорапша табылған. Қазір бұл іске қатысты тергеу амалдары жүргізілуде. Жалпы жыл басынан бері өңірдегі түзеу мекемелеріне тыйым салынған заттарды өткізуге әрекеттенген 20-ға жуық қылмыстың жолы кесілген.

Рүстем Байменов, АК-159/18 түзеу мекемесі кезекші бөлімінің басшысы:
Тексеру кезінде қоқыс таситын көлікпен тыйым салынған заттарды өткізбек болғандары белгілі болды. Олар қолғаптың ішіне ұялы телефон, жасыл түсті зат, ақ түсті таблеткалар мен ұнтақ әшкереленді. Дереу жедел-тергеу тобын шақырттық.


Руслан Нұрланұлы 

қарағанды облысы есірткі

Хабарламаларға жазылу