Шет тілдер және іскерлік карьера университеті лизенциясынан айырылды
Алматыда тағы бір жоғары оқу орны лизенциясынан айырылды. Білім және ғылым министрлігінің шешімімен бұл жолы Шет тілдер және іскерлік карьера университеті жұмысын тоқтатты. Министрліктің мәлімдеуінше, жоғары оқу орнына ата-аналар тарапынан шағым көп түскен. Осыған байланысты жоспардан тыс тексеру жүргізілді. Студенттердің білімі тексерілді. Нәтижесінде білім алушылардың 97%-ы шекті балды еңсере алмаған. Қазір университет лицензиясынан заң бұзушылықтарды жойғанға дейін тоқтату туралы шешім қабылданды. Заңнамаға сәйкес білім ордасына тиісті лизенцияның күші жойылса, студенттер қалпына келуін күтпей-ақ басқа жоғары оқу орындарына ауыса алады.
Гүлзат Көбенова, БҒМ Білім және ғылым саласында сапаны қамтамасыз ету комитетінің төрайымы:
Жұмыс берушілермен тығыз байланыс жоқ екені анықталды. Қаншалықты курстық жұмыстарды немесе дипломдық жұмыстарды жазған кезде басқа жазбаша жұмыстардан көшіріп алғандығы анықталмайды. Егер анықталған жағдайда да дипломдық жұмыстар қорғауға жіберіліп отырған.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Егін жинау науқаны: 2,6 млн гектардан дәнді-дақыл жиналды
18.08.2026, 17:35
Әділетті қоғам құруда жастар саясатының маңызы зор
18.08.2026, 17:30
Қазақ тіліне арналған ЖИ моделі жасалып жатыр
18.08.2026, 17:27
Жол жөндеуге 5 млрд теңгеге жуық қаржы бөлінді
18.08.2026, 17:25
Оралда жаңа үлкен көпір салына бастады
18.08.2026, 17:22
Отандық кәсіпорын жылына 15 мың тонна құбыр шығарады
18.08.2026, 17:20
Сыр диқандары күзгі жиын-терімге дайын
18.08.2026, 17:17
Ресейде егін ору қиындап кетті
18.08.2026, 17:15