Түркияда локдаун қатаңдатылды
Түркияда ертеңнен бастап карантиндік шаралар тағы да қатаңдай түспек. Енді тұрғындар супермаркеттерден тек азық-түлік пен гигиеналық тазалық құралдарын ғана сатып ала алады. Ел билігі бұл қадамға не үшін барып отыр? Түркиядағы карантиндік шектеулер туралы толғырақ сол елдегі тілшіміз Айдос Әшімұлынан білейік.
Айдос Әшімұлы, тілші:
Жаңа ережеге сай ірі супермаркеттерде азық-түлік және гигиеналық тазалық құралдарынан өзге заттарды сатуға тыйым салынады. Негізі 29 сәуірден бері барлық киім-кешек, тұрмыстық техника, канцеляриялық тауарларды сататын дүкендер түгел жабық. Қатаң коменданттық сағаттан шаршаған тұрғындар арасында үйге керек-жарақ аламын деген сылтаумен көшеде жүретіндер көбейгендіктен билік осындай қадамға барып отыр.Мысалы маған да дәл қазір эфирге көшеден емес, үйімнің балконынан шығуға тура келіп тұр. Елде сондай-ақ ірі супермаркеттердің жексенбі күндері жұмыс істеуіне де тыйым салынды. Қалай болғанда да, қатаң локдаун мен қарқынды вакциналау оң әсерін бере бастады. Он күн ішінде вирус жұқтырғандар саны шамамен үш есеге жуық азайды. Өткен айдың соңында бір тәулікте коронавирус жұқтырғандар саны 60 мыңнан асса, кеше 26 мың адамнан ғана анықталды.
Айдос Әшімұлы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Әлемге әйгілі Cirque Du Soleil бірегей шоу ұсынды
12.06.2026, 20:29
Ақтөбе облысында екі ауылға табиғи газ берілді
12.06.2026, 20:22
Ғылым мен білімге бет бұрған ұрпақ
12.06.2026, 20:18
Үкіметте инновацияларды дамыту жөніндегі кеңестің алғашқы отырысы өтті
12.06.2026, 20:14
Биыл 35 мыңға жуық отбасыға атаулы әлеуметтік көмек тағайындалды
12.06.2026, 20:13
Алматыда 12 жастағы бала пышақ жарақатынан қаза болды
12.06.2026, 20:12
Қазақстандағы конституциялық реформалар Еуропарламентте талқыланды
12.06.2026, 20:11
Әлем жаңалықтарына шолу
12.06.2026, 20:10