Шетелдегі қазақстандықтар сайлауда белсенділік танытты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Шетелдегі қазақстандықтар сайлауда белсенділік танытты

11.01.2021

Кешегі сайлауда шетелде тұратын 6402 қазақстандық дауыс берген. Бұл мәліметті еліміздің Сыртқы істер министрлігі таратты. Жалпы әлемнің 54 елінде отандастарымыз үшін 66 сайлау учаскесі жұмыс істеді. Соңғы болып, яғни Нұр-Сұлтан уақыты бойынша таңғы сағат 07:00-де Канададағы Қазақстан елшілігіндегі №279 сайлау учаскесі жабылған.

Бірқатар елде қатаң локдаун болғанына қарамастан саяси науқан кезінде шетелдегі қазақстандықтардың белсенділігі жоғары болды. Мәселен, Түркияда сенбі-жексенбі күндері коменданттық сағат болғандықтан, елшілік жергілікті билікпен келісіп, Қазақстан азаматтарының жүріп-тұруына арнайы рұқсат берген. Қазіргі таңда шетелдегі сайлау учаскесіне келіп түскен бюллетеньдер жиналып, дауыстарды санау процесі басталып кетті. 

Айдос Әшімұлы

Хабарламаларға жазылу