Өскеменде полиция көлігі қағып кеткен қария қайтыс болды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Өскеменде полиция көлігі қағып кеткен қария қайтыс болды

07.02.2019

Оқиға осыдан екі күн бұрын болған еді. Жаяу жүргіншілер жолағымен келе жатқан 90 жастағы әжені патрульдік көлік қағып кеткен. УАЗ маркалы автомашина Глубокое аудандық полиция бөліміне тиесілі. Түрлі дене жарақаттарын алған кейуана аураханада қайтыс болды. Қазір сотқа дейінгі тергеу шаралары жалғасуда.

Әйгерім Нұрғазина, облыстық Полиция департаментінің баспасөз хатшысы:

- Соттық авто-техникалық сараптама тағайындалды. Тергеу барысында себеп болған барлық мән-жайлар анықталады. Соның негізінде заңды шешім қабылданады.

Ал, Оралда полиция қызметкері көлігімен баланы қағып кетті. Абырой болғанда, бала дін аман. Дәрігерге қаралғаннан кейін үйіне жіберілген. Ал, қызметтік «Нива» көлігінің тізгінінде полиция департаменті автошаруашылығының жүргізушісі болған. Баспасөз қызметінің хабарлауынша, бала жолға жүгіріп шыққан. Оны басып кетпеу үшін жүргізуші қарсы бетке шығып, жолдан сырғып түсіп кеткен.

 

Хабарламаларға жазылу