Алматыда джип автокөлігі жол жиегінде тұрған бір әйел мен үш баланы қағып кетті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алматыда джип автокөлігі жол жиегінде тұрған бір әйел мен үш баланы қағып кетті

29.09.2017

Алматыда жан түршігерлік жол апаты болды. Жол талғамайтын джип автокөлігі жол жиегінде тұрған бір әйел мен үш баланы қағып кеткен. Оқиға Алматының «Өжет» ықшам ауданында болған. Toyota Highlander көлігі қиылыстан өтіп бара жатқанда BMW жеңіл көлігімен соғысқан. Сөйтіп, жолдың шетінде үш баламен тұрған әйелге қарай ұрып кеткен. Қазір полиция оқиғаға «Toyota» көлігі жүргізушісінің кінәлі екенін дәлелдеді. Тергеу жалғасып жатыр. Зардап шеккендер шұғыл медициналық жәрдем орталығына жеткізілді. «Қазір олардың жағдайы бірқалыпты», - дейді дәрігерлер. 

 

Мирас МҰҚАШ

Хабарламаларға жазылу