Басты Жаңалықтар Павлодар облысында бір отбасы иіс тиіп қайтыс болды

Павлодар облысында бір отбасы иіс тиіп қайтыс болды

Баянауыл ауданы Ұзынбұлақ ауылында бүтін бір отбасы иіс тиіп қайтыс болды. Оның екеуі - мектеп жасындағы бала. Бірі 4-сыныпта, екіншісі 7-сыныпта оқыған. Ал, олардың 38 жастағы анасы жүкті болған. Қайтыс болған 4-ші адам Наталья Бекбатырованың азаматтық некедегі күйеуі.

Осы отбасының екі ересек қызы Баянауыл аграрлық-техникалық колледжінде оқиды. Олар бақылауға алынып, дәрігерлер психологиялық көмек көрсетіп жатыр. Қазір оқиға орнында арнайы комиссия жұмыс істеуде.

Асқарбек Омаров, ОТЖД Бірегей кезекшілік диспетчерлер қызметі басқармасының басшысы:

- 4 адамның мәйіті. Оның ішінде 2 бала бар. Олардың қаза болу себебі анықталып жатыр.

Болат АМАНБАЕВ

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Бөлісу