Жаркент қаласында гараждардың бірінен екі жасөспірімнің өлі денесі табылды
Алматы облысының Жаркент қаласында гараждардың бірінен екі жасөспірімнің өлі денесі табылды. Алдын ала болжам бойынша кәмелетке толмаған балалар көлік жөндеп, бензиннің иісіне уланып қалуы мүмкін. Қазір құзырлы органдар қайғылы жағдайдың нақты себептерін анықтауға кірісті. Оқиға сәуірдің 28-і күні болған. Аудандық полиция бөлімінің жедел тергеу тобы тұрғындардың шақыртуы бойынша келген.
Ақбота Қуанышбекқызы, облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің жетекшісі:
Екеуі де 2004 жылы туған балалар. Қинап өлтіру белгілері анықталмады. Қазіргі уақытта аталған дерек бойынша Қазақстан Республикасының 156-бабы 4 бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.
Қуаныш Қанатұлы
Автор
Қуаныш Қанатұлы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Қазақстандағы алғашқы АЭС құрылысына 16,4 млрд доллар жұмсалады
31.05.2026, 20:00
Чемпиондар лигасының финалы қалай өтті?
31.05.2026, 19:58
Пластикалық ота: Клиникаларға қойылатын талап қандай?
31.05.2026, 19:54
Көлік арзандауына не себеп?
31.05.2026, 19:52
ЕАЭО саммиті: Қасым-Жомарт Тоқаев экономикалық интеграцияны тереңдетуге үндеді
31.05.2026, 19:49
Бүгін Президент Қасым-Жомарт Тоқаев үндеу жасады
31.05.2026, 19:45
Брюссельде шетелдіктер қазақ тілін үйреніп жүр
30.05.2026, 20:21
«ПСЖ» - «Арсенал» матчы «Qazsport» телеарнасынан тікелей эфирде көрсетіледі
30.05.2026, 20:19