Қазақ музыкалық драма театрында «Qalleki» лабораториясы ашылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қазақ музыкалық драма театрында «Qalleki» лабораториясы ашылды

30.04.2021

Қалибек Қуанышбаев атындағы мемлекеттік академиялық қазақ музыкалық драма театрында «QALLEKI» лабораториясы ашылды. Оралхан Бөкейдің «Ұйқым келмейді» туындысы негізінде алғашқы қойылымның тұсаукесері өтті.

«Ұйқым келмейді» драмасының режиссері -Бәзіл Сұлтанғазы. Бұл оның алғашқы режиссерлық жұмысы. Ал қала халқы туындыны үш күн қатарынан 21:00-де тамашалай алады. Яғни «QALLEKI» лабораториясы – Елордалықтарға арналған алғашқы кешкі театр. Бұл тәжірибе алмасып, тың идеяларды ортаға салып, ерекше қойылымдар ойластыруға арналған жоба. Лаборатория аясында шетелдік мамандармен шеберлік сағаттар ұйымдастыру, жазушы-драматургтермен кездесу, пьесса талқылау жоспарланып отыр.

 Бәзіл Сұлтанғазы, актер, режиссер:
Ешқандай шектеу жоқ.  Біздің жүрегіміз нені қалайды, соны көрермен назарына ұсынамыз. Лабораторияның ерекшелігі - осы.

Ақниет Балтанова

Хабарламаларға жазылу