Рымкеш Омарханованың «Ақ самайлы актриса» атты шығармашылық кеші өтеді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Рымкеш Омарханованың «Ақ самайлы актриса» атты шығармашылық кеші өтеді

26.01.2015
Рымкеш Омарханованың «Ақ самайлы актриса» атты   шығармашылық кеші өтеді

15 ақпан күні, Қ.Қуанышбаев атындағы  Мемлекеттік академиялық Қазақ музыкалық драма театрында ҚР Еңбек сіңірген  әртісі, «Құрмет» орденінің иегері Рымкеш Омарханованың «Ақ самайлы актриса» атты шығармашылық кеші өтеді.

Біздің анықтама:

Рымкеш Омарханова  1939  жылы  30-қазанда  Қарағанды  облысы,  Қарқаралы  ауданы, Сарытау ауылында дүниеге келген.

1959  жылы  Қарағанды  музыкалық  училищесінде оқыған. Осы жылдары қаладағы С.Сейфуллин атындағы Қазақ музыкалық драма театрында қызмет атқарды.

1990 жылы Целиноград қаласы әкімдігінің шақыруымен қазіргі Қ.Қуанышбаев атындағы Мемлекеттік академиялық Қазақ музыкалық драма театрының ашылуына атсалысып, бүгінгі күнге дейін осы өнер ордасында еңбек етіп келеді.

1976 жылы «Құрмет белгісі» орденін, 1983 жылы «Қазақстанның Еңбек сіңірген әртісі» атағын иеленген; 

1984 жылы «Еңбек ардагері» медалімен, 2014 жылы «Құрмет» орденімен марапатталды.

 

 

Хабарламаларға жазылу