Елдің ең үздік, талантты тұлғалары анықталды. Бүгін «100 жаңа есім» жобасының бір топ жеңімпаздарының кімдер екені белгілі болды. Бұл осымен 4-ші кезең. Елдің дамуына ерекше үлес қосып, өзгелерге үлгі көрсетіп жүрген жаңа есімдер Мемлекет басшысының онлайн қатысуымен өткен жиында жарияланды.
Тірліктің тынысында түрлі тарау, сансыз сала бар десек, соларды ілгері сүйрейтін саңлақтар болады. Бүгін залда отырғандардың барлығы осы қауымнан. Оларды бірді-екілі адам емес, тұтас ел таңдап алды. Ашық дауыс беру арқылы. Үш мыңға жуық қарсыластың арасынан озып шыққаны – 30.
Қасым-Жомарт Тоқаев, Қазақстан Республикасының Президенті:
Білімді әрі саналы ұрпақ тәрбиелеу бұл аза маңызды мемлекеттік міндет. Еліміздің болашағы дарынды, отаншыл жастардың қолында болу керек. Солай боларына кәміл сенемін. Осы страгетиялық мақсатқа қол жеткізу үшін жүйелі реформаларды міндетті түрде жалғасырамыз.
Жаңа есімдердің бүгінде атқарып жүрген істері өздеріне күнделікті жұмыс ретінде көрінгенмен, елдің дамуы үшін олардың қосқан еңбегі ерен. Мәселен, Дарын есімді жас азамат қауіп пен қатер алмасқан шақта өзінің емес, әуелі өзгенің саулығын ойлады. Медицина волонтеры ретінде ауруханаға да жүгірді, ел ішін аралап ауырғандарға ем-дом да көрсетті.
Дарын Әбілжанов, волонтер, студент:
Осы аралықта 2 мыңнан астам науқастың сауығуына септігім тиіпті. Ең қымбат ақы - олардың ақ батасы болды. Тіпті әлемдік пандемиямен күрестегі үлесім үшін Еуропалық дәрігерлер қауымдастығының стипендиялық бағдарламасын жеңіп алдым. Бұл дүние жүзінің үздік клиникаларында тағылымдамадан өтуге мүмкіндік берді. Елімізде алғашқылардың бірі болып волонтер медиктер мектебін аштым.
Ахат - қарапайым мектеп мұғалімі. Бірақ, еңбегі оны тұтас елге танытты. Ауылға көпір салып берді. Ақшасын асарлатқанымен, жобасын сызу, дәлме-дәл келтіріп орнату оның идеясы арқылы жүзеге асты.
Ахат Рақышев, мұғалім:
Ал 23 жастағы Санжар марсты бағындыру жолында жүрген Илон Масктың шақыртуын алды. Ол әлемге әйгілі IT-конкурстарды бағындырып келеді. Ендігі мақсаты – электрокөліктер құрастыру.
Санжар Тайжан, инженер-өнертапқыш:
2 ай бұрын финалға өттік. 3 процентке кірдік. Протатипті машинаны дайындап, Америкаға барамыз. Сол жақта Илон Маскпен кездесіп, көрсетеміз. Қазақстанға келіп, пландарымды жүзеге асырам деген ойым бар.
Дулат Тастекеевтің есімі Шығыс өңіріне жақсы таныс. Ол нағыз сақи. Кәсіпкерлік пен қайырымдылықты қатар алып жүр. Өңірдің әлеуметтік проблемаларын шешуге ықпал етті. Жастарды қолдап, жыл сайын арнайы степендия бөледі.
Дулат Тастекеев кәсіпкер, меценат:
Жыл басынан бері жас кәсіпкерлерге ай сайын қайтарымсыз грант бөліп жатырмыз. Бұдан бөлек, Семейде талай жылдан бері тұрып қалған мешіттің құрылысын аяықтауға қаржы бердік. Жалпы Шығыс Қазақстан облысы бойынша үш мешіттің, мұражай, стадионның құрылысына қолдау көрсеттік. Айтыс өнерінің де дамуына ықпал етеміз.
Тәуелсіздік тудырған есімдердің тізімі мұнымен шектелмейді. Жүз жаңа есім жобасының 4-ші кезеңінде 3 мыңға жуық өтінім түсті. Олар әр саланың өсіп-өркендеуіне айрықша үлес қосып жүрген жандар.
Қасым-Жомарт Тоқаев, Қазақстан Республикасының Президенті:
Қазақстанның болашағы сіздердей прогрессивті, талантты, патриот жастардың қолында. Сіздер мемлекеттің басқару тізгінін қолға алуға дайын болуларыңыз керек. Ал біз, аға толқын, осы айтқан сөзіміздің шындыққа айналуы үшін барлығын жасаймыз.
Жобаның мақсаты да осы – өзін сөзбен емес, іспен дәлелдеп жүрген жандарды тарих бетіне бедерлеу. Өйткені, олардың игі істері өзгелерге үлгі болары хақ.
Асима Нұрбайқызы