«Алматы-Өскемен» тас жолының «Алматы-Қапшағай» аралығы бүгін бірнеше сағатқа жабылды. Себебі, қыс ортасында жауған жаңбырдан көктайғақ болып, жол қозғалысына кедергі келтірді. Салдарынан дәл осы аралықта 4 жол-көлік оқиғасы тіркеліп, құзырлы органдарды біраз әбігерге түсірді. Төтенше оқиғалардың ішінде ең ірісі «Марревен Фуд» кәсіпорнының маңында тіркелді. Мұз қатқан жолда тоқтай алмаған жол тазалағыш техника тұрақта тұрған бірнеше көлікке соқтығысты.
Серік Үпиев, Алматы облыстық Полиция департаменті баспасөз қызметінің өкілі:
- Жол-көлік оқиғасында қайтыс болғандар немесе зардап шеккендер жоқ. Тиісті қызметтердің көмегімен қалпына келтіріліп, екі бағытта да қозғалыс орнатылды.
Қуаныш ҚАНАТҰЛЫ
«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.