Ұлттық шұғыл медицина орталығы жаңа көліктермен толықты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ұлттық шұғыл медицина орталығы жаңа көліктермен толықты

29.04.2021

Пандемияға қарсы күресте медициналық көмектің қолжетімді болуы аса маңызды. Ұлттық шұғыл медицинаны үйлестіру орталығы бес жаңа жедел жјрдем көлігіне ие болды. Техника шалғайдағы тұрғындарға шұғыл көмек көрсетуге бейімделген. Олар жүрек соғуы жиілігін бақылаудың толық жүйесімен, желдеткіштер мен оттегі баллондарымен жабдықталған. Аталған бес көлік Қазақстандағы Біріккен Ұлттар Ұйымы Даму бағдарламасы тарапынан өтеусіз негізде табысталды. Бұл отандық жедел медицинаның қызмет көрсету сапасын, пациенттерді тасымалдау кезінде қауіпсіздік пен жайлылық деңгейін арттыруға барынша мүмкіндік береді.

Ламбриан Топузидис

Хабарламаларға жазылу