Таразда полицейлерге 102 жаңа қызметтік көліктің кілті табыс етілді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Таразда полицейлерге 102 жаңа қызметтік көліктің кілті табыс етілді

24.09.2019

Жылдамдығы жоғары темір тұлпарлар бірінші кезекте республикалық және облыстық маңыздағы жолдардағы қауіпсіздікті күзететін тәртіп сақшыларына берілді. Жалпы Жамбыл облысы транзиттік аймақ. Өңір арқылы тәулігіне орта есеппен 10 мың автокөлік қатынайды. Су жаңа көліктер жолдағы қауіпсіздік пен тәртіпті қатаң сақтап, жедел әрекет етуге мүмкіндік береді. Айта кету керек, биыл облыстық полиция департаментінің автопаркі 235 жаңа қызметтік көліктермен толықты. Бұл соңғы 7 жылда болмаған көрсеткіш. 

Арман Оразалиев, облыстық Полиция департаментінің бастығы Бұрын мысалға көліктердің жетіспеуі және де тозығы жеткен көліктер болатын болса. Қазір біздің көліктер барлығы жаңа. Кем дегенде 5 жыл ешқандай жөндеу жұмыстарынсыз жүре береді. Автопарк бүгінгі күні 86 процентке жаңартылды. Ендігі кезекте біздің басты міндетіміз жаңа форматта заңға сәйкес халыққа адал қызмет ету.

Хабарламаларға жазылу