Алматы облысының денсаулық саласы жаңа медициналық автокөліктермен толықты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алматы облысының денсаулық саласы жаңа медициналық автокөліктермен толықты

20.02.2014
Алматы облысының денсаулық саласы жаңа медициналық автокөліктермен толықты
  Алматы облысының денсаулық саласы жаңа медициналық автокөліктермен толықты. Қазақстанда жинақталған жедел жәрдем машиналары заман талабына сай жабдықталған.
 
«Iveco», «Hyundai», «УАЗ» маркалы 65 теміртұлпар кілті облыстағы 16 аудан мен 3 қаланың емдеу мекемелеріне таратылды. Нәтижесінде өңірдегі медициналық мекемелердің жедел жәрдем автокөлігімен қамтылуы 90 пайыздан асты.
 
Жалпы, «Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасының аясында өткен жылы 3 миллиард теңгеге медициналық ұйымдардың материалдық-техникалық базасы нығайтылды. Қажетті құрал-жабдықтар алынып, 21 денсаулық сақтау нысаны күрделі жөндеуден өтті.
 
Жаңадан 2 аурухана және 11 дәрігерлік амбулатория қолданысқа берілді. 
 
Әшімғали Жұмагелдин, Ақсу аудандық орталық ауруханасының бас дәрігері:
Бүкіл медициналық жабдықтардың бәрі бар. Сондықтан мына жаңа көліктермен біз ауылдың кез келген жеріне жетіп, жаны қиналған адамға көмек беріп, оларды дер кезінде не орталық ауруханаға, не қаладағы үлкен ауруханаға жеткізе аламыз.

Хабарламаларға жазылу