Астанадағы оңалту орталығы жаңа жабдықтармен толықты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Астанадағы оңалту орталығы жаңа жабдықтармен толықты

05.02.2018

Астана қаласындағы Республикалық балаларды оңалту орталығы жаңа жабдықтармен толықты. Мұндай қайырымдылық шарасын  Қазақстандағы елшілер жұбайлары клубы мен Іскер әйелдер бірлестігі ұйымдастырып отыр. Медициналық аппараттарға жалпы 1,5 млн. теңге жұмсалды. Енді мұндағы мүмкіндігі шектеулі балғындар қажетті құрылғылардың игілігін көріп, жаттығу құралдарын пайдалана алады. Өз кезегінде орталық басшылығы мейірімді жандарға шексіз алғысын білдірді. 

Хеба Оусман, Елшілер жұбайлары клубының президенті:

 - Біз Қазақстандағы көмекке мұқтаж балаларға қолдау көрсеткіміз келді. Сол үшін төрт ай бойы еңбек еттік. Жалпы, шараға 53 елшінің жұбайлары атсалысты. Бұл Қазақстанда ұйымдастырылып отырған 7-ші шара. Алдағы уақытта осы бағытта  жоспарымыз көп.  

 

Хабарламаларға жазылу