Ұлыбританияда шекарадан өткенде ковид-төлқұжат талап етіледі - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ұлыбританияда шекарадан өткенде ковид-төлқұжат талап етіледі

29.04.2021

Ұлыбританияда халықаралық сапарлардан оралғандардан ковид-төлқұжат талап етілетін болады. Саяхатшылар елге кірерде телефонына орнатылған қосымшаны көрсетіп, вакцина қабылдағанын дәлелдеуі тиіс. Бұл жөнінде көлік министрі Грант Шаппс мәлімдеді.

Қазір бұл құжаттың әлем бойынша бір жүйеге енгізілуі үшін халықаралық деңгейде келіссөздер жүріп жатыр. Британиялықтардың АҚШ, Франция, Италия және Германияға емін-еркін кіріп шығуға мүмкіндік беретін ковид-төлқұжаттар 28 маусымнан бастап, қолданысқа енгізілуі мүмкін. Айта кетейік қазір елде 17 мамырға дейін шетелдік сапарларға шығуға тыйым салынған. Себепсіз шекара асқандар айыппұл төлейді.

Грант Шаппс, Ұлыбританияның көлік министрі:   
Біз қазір Ұлттық денсаулық сақтау қызметінің қосымшасын жетілдіріп жатырмыз. Оның ішінде вакцина алғандығы немесе ПТР-тест тапсырғандығы туралы ақпарат жазылатын болады. Сондай-ақ жуық арада қызыл, сары және жасыл түспен белгіленген елдердің тізімі жарияланады. Жасыл түсті мемлекеттерден оралғандар карантинге жатқызылмайтын болады.

Марина Бекенова

Хабарламаларға жазылу